Ортақ меншік құқықтарын нақтылау – даулардың алдын алу жолы

Ортақ меншік құқықтарын нақтылау – даулардың алдын алу жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жөніндегі бастамасы азаматтық-құқықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған. Бұл ретте ортақ меншік мәселелерін құқықтық тұрғыдан нақтылау ерекше маңызға ие.

Ортақ меншік ерлі-зайыптылардың, мұрагерлердің немесе бірнеше тұлғаның бірлесіп иеленетін мүлкіне қатысты жиі кездеседі. Мұндай жағдайда мүлікті пайдалану, күтіп-ұстау шығындарын бөлу және оған билік ету тәртібі нақты белгіленбесе, түрлі келіспеушіліктер туындауы мүмкін.

Сондықтан жаңа Кодексте меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін нақтылап, дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін жетілдіру маңызды. Бұл азаматтардың заңды мүдделерін қорғап, мүліктік қатынастардағы түсініспеушіліктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Жаңа Азаматтық кодекстің басты міндеттерінің бірі – құқықтық нормаларды өмірлік қажеттіліктермен ұштастырып, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету.

Толығырақ

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ