Қазақстан ТМД елдеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту және денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту бойынша бастамалар ұсынды

Қазақстан ТМД елдеріне медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту және денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту бойынша бастамалар ұсынды

Бұл туралы ТМД Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің 39-отырысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді. Отырыс «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтары мен жетістіктері» тақырыбында өтті, деп хабарлайды No-comment.kz – Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Отырысқа Достастық елдерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді, заманауи технологияларды енгізу мәселелерін және одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Өз сөзінде Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанның ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, өзара сенім, прагматикалық ұстаным және әрбір елдің мүддесін ескеру денсаулық сақтау саласындағы міндеттерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның ұсыныстары қараша айында Астанада өткен жұмыс кездесуі қорытындысы бойынша әзірленді. Оған ТМД Атқарушы комитетінің, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросының өкілдері және сарапшылар қатысты.

Қазақстан Кеңестің көшпелі отырысын өткізуге дайын екенін білдірді. Отырыс барысында ТМД елдеріндегі медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту және Авазин декларациясының жол картасын іске асыру барысын талқылау ұсынылды.

Сонымен қатар қазақстандық тарап 2027 жылы Алматы декларациясының қабылданғанына 50 жыл толуына орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен халықаралық конференция өткізуді ұсынды. Конференцияның күн тәртібіне МСАК-ты дамыту, денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз ету және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мәселелерін енгізу көзделіп отыр.

Отырысқа қатысушылар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы қарсаңында инвестициялық саммит өткізу мүмкіндігін де талқылады. Саммиттің негізгі мақсаттары – денсаулық сақтау саласына халықаралық инвестициялар тарту, өнеркәсіптік кооперацияны нығайту және саладағы жоғары технологиялық өндірістерді жергіліктендіруге жәрдемдесу болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының экономикалық және туристік әлеуетін дамыту барысында көлік инфрақұрылымын тиімді ұйымдастыру маңызды міндеттердің бірі болып...

Бұл туралы ТМД Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық кеңесінің 39-отырысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі...

Шымкент қаласында шағын және орта бизнестің өндірістік әлеуетін кеңейту мақсатында кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөлінуде. Осы бағыттағы маңызды...