Қазақстанда 336-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Қазақстанда 336-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Павлодар облысының шалғайдағы Жалаулы ауылында «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ғимаратының жаңғырту жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz – Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа бекет Жалаулы, Қарасу және Балтаcап елді мекендеріндегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл ауылдарда жалпы саны 1000-ға жуық адам тұрады. Бұған дейін аталған ауылдардың өрт қауіпсіздігін Ақтоғай ауданының №15 өрт сөндіру бөлімі қамтамасыз етіп келген.

Жаңғырту аясында қолданыстағы ғимарат жаңартылып, жеке құрамға арналған әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер, демалыс бөлмелері және санитарлық-тұрмыстық аймақтар жабдықталды.

Бекет бір өрт сөндіру автокөлігін орналастыруға арналған. Штаттық саны – екі қызметкер. ТЖМ тарапынан бекетке өрт сөндіру автоцистернасы берілді. Сонымен қатар құралым өрт сөндірушілердің жауынгерлік киім-кешегімен қамтамасыз етілді.

Жаңа бекеттің ашылуы шалғай елді мекендерде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. «Ауыл құтқарушылары» желісін дамыту өңірдің ең шалғай ауылдарының тұрғындарына да уақтылы көмек көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан қаласының көлік және қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту барысында заманауи технологияларға негізделген кәсіпкерлік бағыттарды қарастыру...

Түркістан қаласында шағын және орта кәсіпкерліктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету барысында айналым қаражатын тиімді басқарудың маңызы ерекше. Тауар...