Сарыағашта жаңа кәсіпкерлік нысан бой көтереді

Сарыағашта жаңа кәсіпкерлік нысан бой көтереді

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асуының нәтижесінде ауданда кәсіпкерлік нысандардың саны артуда. Солардың бірі Сарыағаш қаласы аумағынан заманауи үлгімен салынып жатқан автокөлік бөлшектерін саудалауға арналған сауда орталығы бой көтеруде. Сауда орталығы ғимаратының жалпы алаңы 5200 шаршы метрді құрайды. Мұнда 156 сауда дүңгіршегі орналасып, тұрғындарға ыңғайлы жағдайлар жасау мақсатында жеделсаты (лифт) және эскалатормен қамтамасыз етілуде. Аталған нысанның құрылысын жеке кәсіпкер Н.Ордабеков жеке қаражаты есебінен жүргізіп, 400-ге жуық аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.

Айта кетсек аудан көлемінде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тұрақты негізде жұмыстар жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс істеуіне жағдай жасалуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 17099 кәсіпкерлік субъектісі жұмыс жасауда. Жыл басынан ауданға 3,2 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, нәтижесінде 307 жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...