Құркелесте жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Құркелесте жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Сарыағаш ауданы Құркелес ауылдық округі Жаңаталап елді мекеніндегі халқы көптен бері кездесулерде жол мәселесін көтеріп келген. Нәтижесінде аудан әкімінің бекіткен іс-шара жоспарына еніп, былтырдан бері аталған елді мекеннің барлық көшелері кезең-кезеңімен ретке келтірілуде.

Бүгінгі таңда Жаңаталап елді мекеніндегі жалпы ұзындығы 0,99 шақырымды құрайтын Наркөшкен және Серуен көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ағымдағы жылы аталған елді мекенде жалпы 10 көшеге шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қарқынды жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары тамыз айының соңына дейін толығымен пайдалануға берілуі жоспарлануда.

Осыған орай ауылдық округі әкімі Қ.Иматов және аудандық жолаушылар көлігі және автомобиь жолдары бөлімінің басшысы А.Жапбаров асфальт төсеу жұмыстарының барысын қадағалап қайтты. Сондай-ақ, тапсырыс беруші ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Жапбаров жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекемеге асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын және белгіленген уақытта халық игілігіне берілуін тапсырды.

Айта кетсек Құркелес ауылдық округі бойынша биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен жалпы 27 көшенің 26,8 шақырымына асфальт және шағал төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірді кешенді дамытуға, оның...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық әлеуетін...

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет жетекшісінің тапсырмасымен Абай облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ...

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сайлау кезеңі әдетте ақпараттық арандатушылықтардың көбеюімен қатар жүреді. Мұндай әрекеттердің артында қоғамдық...