ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТШЫЛАРЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ!

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ СПОРТШЫЛАРЫ – ЕЛ ЧЕМПИОНДАРЫ!

Қонаев қаласындағы Қапшағай су қоймасында желкенді спорттан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Желкенді қайықшылар арасында өткен ел чемпионатына өңір намысын Түркістан облысының намысын облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері қорғады. Олар яхталардың әртүрлі дәрежелері бойынша 6 алтын, 3 күміс және 2 қола медальға қол жеткізді.
Жұптық сында Растислав Дубовской мен Богдан Рожанский алтыннан алқа тақса, жекелей сында Заңғар Әбдірахман да жеңістің шыңын бағындырды. Ал, қыздар арасындағы жекелей сында Светлана Чурикова алтын алқаны мойнына ілді.
«Кадеттер» сайысында Алишер Чемохов пен Анатолий Чуриков жеңіс тұғырының ең биігінен көрінді. Қорытындыда медальдар жиынтығы бойынша Түркістан облысының спортшылары жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Алматы облысының командасы шықса, қола жүлдені Қонаев қаласының желкеншілері місе тұтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...