ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Жыл басынан бері 7 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады. Ал нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.
Жалпы егін саласында жиын-терім науқаны уақтылы ұйымдастырылып, астық мерзімінде жиналып алынды. Мал шаруашылығында ет, сүт өндіру және тауық жұмыртқасы былтырмен салыстырғанда сәйкесінше 0,6%-ға, 1%-ға және 10,6%-ға артық болып қалыптасты. Шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталған.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне семинарлар өткізіліп келеді. Семинарларда кәсіпкерлерге, шаруаларға жаңа технологияларды енгізу жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде тамшылатып және жаңбырлатып суғару тәсілдері кеңінен қолданысқа енгізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...