ORDABASY: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

ORDABASY: ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ ЕРЕКШЕ

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың аудан аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тапсырмасына орай құрылған мобильдік топтың отырысы өтті.
Мобильді топ жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың төрағалығымен өткен кездесуге бірқатар қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.
Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған талдау шараларын тиімді пайдалануды мақсат еткен жиында кәсіпкерлікті дамыту және несиелендіруге көмек беру жайы сөз болды.
Қаржы ұйымдарының мүшелеріне ауыл округтерден келген шаруа қожалық иелері тарапынан сұрақтар қойылып, тиісті жауаптарын алды.
Алдағы күндері аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Жиналысқа қатысушылар ұйымдастыру алқасына кәсіпкерге қажетті қаржыландыру бағдарламаларына қатысуда кепілдік талап ету, қағазбастылық, жобаны қолдаушы екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының кредиттік пайызының көптігі жөнінде өзекті сауалдар қойылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...