БӘЙДІБЕКТЕ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

БӘЙДІБЕКТЕ МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгін аудан орталығындағы Балалар аллеясының алдында "Мектепке жол" жәрмеңкесі өтуде.
Таңғы сағат: 9.00-де басталған жәрмеңкеге аудан тұрғындарының келуі белсенді. Аудан кәсіпкерлері мен қатар Шымкент қаласынан бірнеше кәсіпкерлер келіп мектеп формаларын 3000 мен 4000, оқу құралдары қалам, дәптер, сызғыш және де басқа жабдықтарды 10-15%-ға дейін жеңілдікпен, базар нарқынан төмен бағада сатуда.
Шымкенттік кәсіпкер Батырбекова Тоғжан бәйдібектіктерге жеңілдік жасап мектеп формасын 60 пайыз төмен бағада жеңілдікпен сатуда. Сонымен қатар аталған кәсіпкер жәрмеңкеде тұрмысы төмен 3 отбасының балаларына өз есебінен мектеп формасы мен қажетті құрал жабдықтарды тарту етті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында жәрмеңкеде мектепке қажетті құралдар мен формаларды төмен бағада жеңілдікпен сатуды ұйымдастырушыларға аудан тұрғындары алғыстарын білдіруде.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада мәдениет үйінің өнерпаздары тұрғындарға арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлауда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...