МАҚТААРАЛДА "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" НАУҚАНДЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

МАҚТААРАЛДА "МЕКТЕПКЕ ЖОЛ - ШЕКАРАСЫЗ ЖАҚСЫЛЫҚ" НАУҚАНДЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мақтаарал ауданында Республикалық "Мектепке жол - шекарасыз жақсылық" науқандық акциясы өтті.
Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен іс-шарада мектеп оқушыларының киім үлгісін өндірушілері мен сатушылары, кеңсе тауарлары және мектепке қажетті заттарды сатушылар аудан тұрғындары үшін өз өнімдері мен тауарларын ұсынды.
Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы отбасы балаларына көмек көрсету - акцияның негізгі мақсаты.
Жәрмеңкеге облысымыздың және ауданымызың кәсіпкерлері қатысып, оқушыларға оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен және т.б. тауарларды 10-15 пайыздық жеңілдіктермен ұсынып отыр.
Айта кетейік, аталған науқандық акция ертең, яғни 21 тамыз күні де өз жалғасын табады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...