ORDABASY: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ДӘЛЕЛСІЗ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДЕН АРЫЛУ КЕРЕК

ORDABASY: ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДА ДӘЛЕЛСІЗ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДЕН АРЫЛУ КЕРЕК

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.
Жиынның күн тәртібінде аудан бюджеті, агросектор, жер қатынастары, кәсіпкерлік, сәулет, құрылыс, коммуналдық саладағы атқарылған жұмыстар мен жоспарлар бойынша баяндама жасалды.
Аудан басшысы дайындалған баяндамалардың сапасының төмендігіне тоқталып, аудан әкімінің орынбасарлары мен салалық бөлім жауаптыларына өңірдің 5 жылдық даму жоспарына сай алда атқарылатын жоба-жоспарларды кезең-кезеңімен жүйелеп әзірлеуді тапсырды.
Жұмыс нәтижелерін көрсетуде дәлелсіз статистикалық мәліметтер, жаттанды цифрлардан арылып, ауданның жергілікті шарт-жағдайын, мүмкіндіктерін ескере отырып жұмыс істеу керектігін тілге тиек етті.
Нұрбек Бақтыбайұлы әсіресе аудандағы кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту бойынша арнайы құрылған жұмысшы топтың іс-қимылын жандандыруға тоқталып, ауыл, елді мекендердегі бизнес бастауға ниетті азаматтарға барынша қолдау көрсетуге шақырды.
Сондай-ақ жиналыста аудан басшысы жауапты бөлімдерге Бадамдағы Қазақ-Түрік индустриялды аймағына сапалы инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын күзге дейін толық аяқтауды жүктеді.
Аппараттық мәжілісте хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалып, аудан әкімі тарапынан берілген тазалық, байланыс қызметі туралы тапсырмаларды уақытылы орындамаған мекемелер мен мекеме басшыларына ескерту жасалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...