ҚАЛАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

ҚАЛАШ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ.

Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне қарасты 150 тұрғыны бар шалғайдағы Қалаш ауылына барып, тұрғындармен кездесті.
Ақжол ауылынан 10 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылдағы ең басты мәселе - ауылға баратын жолды асфальттеу.
Аталған мәселе бойынша аудан басшысы бұл жол бөлігін орташа жөндеуден өткізу туралы бюджетке өтінім беріліп, қаржысы шешілген жағдайда сапалы жол салынатындығын жеткізді.
Сондай-ақ, Нұрбек Бақтыбайұлы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында мемлекеттен төмендетілген 5 пайызбен (2023 жылдан бастап 2.5 пайыз) несие алуға қолдау көрсететіндігін айта келе шаруаларды шағын отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуға шақырды.
Ауыл азаматтарын жұмыспен қамту үшін де аудан көлемінде зауыт құрылысын жүргізуге, өндіріс орындарын ашуға ниетті кәсіпкерлерді осы ауылға бағыттау арқылы да жұмыссыздықпен қатар жол мәселесін шешуге болатындығын тілге тиек етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...