ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Бірлік ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімімен кездесу барысында тұрғындар тарапынан ағын су, ортақ жайылым, спорт зал, жол, электр жарығы мәселесі айтылды.
Нұрбек Бақтыбайұлы Теспе көлі арқылы ауылға келетін ағын судың аздығы мәселесін шешу үшін салалық бөлім басшысына бір апта көлемінде каналдар мен су жіберу құрылғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Кездесуде көтерілген мал жайылымы бойынша аудан басшысы тиісті мекеме жауаптыларына Бадам орман шаруашылығына қарасты өзен жағалауындағы жерлерді заң аясында саралап, тез арада ортақ жайылымға қайтаруды міндеттеді.
Сондай-ақ аудан әкімі балалардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы шарт-жағдай жасау үшін алдағы уақытта стадион мәселесін саралап, облыстық басқармаға өтінім беретіндігін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...