ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУІ

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Жамбыл ауылындағы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп ғимаратында ауыл тұрғындарымен кездесіп, ауылдастардың көкейінде жүрген бірқатар өзекті мәселелермен танысты.
Тұрғындар өз кезегінде аудан басшысына ауыл шаруашылығына қажетті ағын су тапшылығын айта келе ауылға келетін өзен арнасының бастау көзін жеке кәсіпкерлер жауып отырғандығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, тұрғындар ауыл ішіндегі инфрақұрылым мәселесін де аудан басшысының назарына ұсынды.
Халықтың талап-тілектерін ескерген Нұрбек Бақтыбайұлы ағын судың атызға іркіліссіз жетуін қамтамасыз ету мақсатында аталған каналдар мен арықтарды тез арада механикалық тазалаудан өткізетіндігін жеткізді.
Ауылдың ішкі орамдық көшелеріне асфальт жабындысын сұраған тұрғындарға аудан басшысы: «Бірінші кезекте басымдықты ауылға барар жолы жоқ (тас, топырақ жолдар) елді мекендер мен ауылдарға береміз. Ал, ауылдың ішкі орамдық көшелері сараланып, кезең-кезеңімен жөндеуден өтеді», деді аудан әкімі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...