АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП БАЛАБАҚША АШЫЛДЫ

Құрылғанына жыл толған Сауран ауданындағы білім ұяларының қатары 200 орындық жаңа бастауыш мектеп балабақшасымен толықты.
Бүгін аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінде бой көтерген білім ошағының ашылу салтанаты өтіп, лентасы қиылды. Шараға аудан әкімінің орынбасарлары С. Садыбаев пен Е. Жанғазиев, аппарат басшысы Д. Құдияров, Шорнақ ауылдық округінің әкімі Б. Баймұратов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С. Ахметов қатысты.
«Ауданымыз әр салада дамып келеді. Жаңа нысандар бой көтеріп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасалуда. Заманауи техникалармен, ыстық тамақпен, түрлі үйірмелермен қамтылған бастауыш мектеп балабақшасы аудан орталығындағы бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сіңіретін болады. Ұрпағымыз білімді болып өссін десек, оларға осындай қолайлы жағдай жасауымыз керек»,- деді аудан әкімінің орынбасары С. Садыбаев.
Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған «Дара бала» бастауыш мектеп балабақшасында қазақ, орыс сыныптары, ұзартылған күн тобы, сонымен қатар балаларды түрлі өнерге баулитын домбыра, шахмат, би, т.б үйірмелер бар. Болашақта робототехника үйірмесін жетілдіру де жоспарлануда. Сондай-ақ балаларды тасымалдайтын арнайы көлік те қарастырылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...