Қазақстанда денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды

Қазақстанда денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылды
Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы (Health Intelligence Platform). Платформаны құру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа платформа Министрлік пен өңірлерге денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде әрбір медициналық ұйымның лицензиялары, кадрлық құрамы, жабдықтары, ғимараттары, бөлімшелері, төсек-орын қоры және басқа да қажетті мәліметтері қамтылған бірыңғай «цифрлық паспорты» қалыптастырылады.

Сонымен қатар, медициналық техниканы басқаруға ерекше назар аударылған. Жүйе жабдықтың сатып алынған сәтінен бастап техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тозу деңгейіне дейінгі бүкіл өмірлік циклін қадағалайды. Бүгінде жүйеде денсаулық сақтау саласының негізгі цифрлық тізілімдері мен сервистері іске асырылып, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен терең интеграцияланды. Сондай-ақ медициналық көмектің сапасын цифрлық постлицензиялық бақылау енгізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...