ОНКҮНДІК ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

ОНКҮНДІК ІС-ШАРАЛАР БАРЫСЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды.
Акция мақсаты – тұрмысы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылына даярлық жағынан қолдау білдіру, көмек көрсету.
Осы орайда, Қарамұрт ауылдық округіне қарасты мектептің 10 оқушысына жеке кәсіпкер Жамалбеков Ұлан Байсейітұлы мектепке қажет сөмке және кеңсе тауарларын сыйға тартты.
Сонымен қатар, Қарамұрт ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында өтіп жатқан онкүндік іс-шараларының жоспарына сәйкес, Б.Жамалбековті еске алуға арналған мұғалімдер арасында кіші футболдан жарыс өтті.
Жарыстың нәтижесінде І орын №56 Гагарин атындағы ЖОМ-і, ІІ орын №1 мектеп-гимназиясы, ІІІ орын №37 ЖОМ-нің ұжымдары жүлдегер атанып, бағалы сыйлықтар, кубоктар, алғыс хаттар мен грамоталармен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...