ЖАСӨСПІРІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖАСӨСПІРІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛҒАН АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұхит Отаршиев Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжаппарұлын арнайы қабылдады. Қабылдауда жасөспірімді құтқарып ерлік көрсеткен бейбіт күннің батырына арнайы алғыс айтты.
- Адам өміріне қатер төнгенде шұғыл шешім қабылдап, жасөспірімді жанқиярлықпен құтқарып қалған Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары Туғанбай Сүйіндік Сейітжаппарұлына алғыс айтамын. Сіз асқан батылдық көрсетіп, ерен еңбектің үлгісін көрсете білдіңіз. Жастарға үлгі боларлық ержүректігіңіз бен өжеттігіңіз, белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін сізге алғысымды білдіремін,-деді аудан басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округі әкімінің орынбасары Сүйіндік Сейітжаппарұлы 13 жасар қызды ересек жәбірлеушінің арам пиғылынан құтқарып қалған. Күдікті жасөспірімге шабуыл жасағанын жақын арада болған ауыл әкімінің орынбасары байқап, бірден араша түскен. Сүйіндік Сейітжаппарұлы қашуға ұмтылған күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...