СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Созақ ауданында спорт күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен шараға спортшылар мен жаттықтырушылар, сондай-ақ ардагер спортшылар қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға жылы лебізін арнады.
– Баршаңызды тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтетін спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барша спортшылар, жаттықтырушылар, өмірлеріне спортты серік еткен жандар үшін ерекше мереке. Балалар жылы мен спорт күніне орай, биіктен көрініп жүрген жас спортшыларды құттықтауға рұқсат етіңіздер - деді.
Аудандық әкімдік атынан үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс хат табыс етіліп, сый – сияпат жасалды. Бірқатар спортшыларға аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараевтың алғыс хаты табысталды.
Созақтық спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып, биік орындардар көрініп келеді. Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, Созақ ауданның құрметті азаматы Анарбай Шәдібеков пен Мыңжасар Асқаров, Жетілген Сармантаев құттықтау сөз сөйледі.
Бүгінде грек-рим күресінен Серікбай Әсет, еркін күрестен Нұрлыбек Талғатұлы, гір тасын көтеру Баби Орынбасар биік белестерді бағындырып жүр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...