ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

ӘДІЛЕТТІ, ӘРІ АШЫҚ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

«Бір ғана құрысылыс саласында 2500-нан астам құжат толтырылады екен. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында насихатталды.
— Мемлекет басшысы жыл басынан бері екі мәрте, яғни наурыз және қыркүйек айында халыққа Жолдау жолдады. Алғашқы құжатта Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Референдум өткізіп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды. Тіптен, өзгерісті өзінен бастады десек артық емес. Яғни, Президенттің туыстары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды. Ал, қыркүйектегі құжатта білім, медицина мен әлеуметтік салаға басымдық берілді. Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек» дей келе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды, - деді Сұлтанғали Қуандық.
Сонымен қатар, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширатып, қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Кездесу қонақтары өзара пікір алмасты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...