Ерболат Досаев Нидерланды елшісімен кездесті

Ерболат Досаев Нидерланды елшісімен кездесті

Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев пен Нидерланды Корольдігінің елшісі Андре Карстенспен кездесуде инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестікті талқылады.
Тараптар Алматының даму бағдарламасының 7 бағытын іске асырудағы ықтимал әріптестікті талқылады. Қала Нидерландының қоғамдық көлік, экология, сонымен қатар, қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесін зерттеуге мүдделі. Корольдік Еуропадағы ең экологиялық таза мемлекеттердің бірі.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен,  Малайзия Премьер-министрі Ануар...

Электр энергиясы, жылу және басқа коммуналдық ресурстар көптеген кәсіпорындардың тұрақты шығынына кіреді. Өндіріс көлемі ұлғайған сайын жабдықтардың жұмыс уақыты да көбейіп,...