ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙТІН КҮН

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – ЕЛ КЕЛЕШЕГІ ҮШІН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙТІН КҮН

Елімізде биыл айтулы оқиға. Қазақстандықтар өз Президентін сайлайды. Президент сайлауы – тек Мемлекет басшысын ғана таңдау емес, бұл – ел болашағы үшін де жасалатын маңызды қадам. Сол себепті саяси маңызы зор шараға қатысу, жауапкершілік таныту - әрбір азаматтың құқығы әрі парызы.

Қазіргі таңда Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті сайлауында бақ сынайтын 7 үміткерді толық мақұлдады. Олар қазір өз бағдарламаларын дайындауда. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 21 қазан күні сағат 18:00-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-ге дейін жалғасады.

19 қараша тыныштық күніне ұласып, 20 қараша сайлау басталады. Дәл осы аса маңызды күнде отандастарымды белсенділік танытуға шақырамын.

«Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап,
Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ»,- деп Назым Хикмет жырлағанындай, жаңа Қазақстанның қалыптасуына, қоғамның өзгеруіне әрбіріміз жауаптымыз.

Бұл сайлау елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік бермек. Әлеуметтік жағдайымыз тұрақты, экономикамыз қарқын алған заманда ертеңгі болашаққа сеніммен қарайтын әрбір азамат сайлаудан қалыс қалмауы тиіс.

Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн. Сондықтан, Тәуелсіздігіміз тұғырлы һәм баянды болуын қаласақ, Президент сайлауына белсенді түрде қатысайық.

Тельман БЕЙСЕН,
«Turkistan Media Holding» ЖШС атқарушы директоры.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...