Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

Алматыда ArtSport-ты жыл соңына дейін жалғастыру үшін 7,3 млрд теңге бөлінді

Алматыда ArtSport бағдарламасы жыл соңына дейін жалғасады. Оған қосымша қаржы бөлінді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
«Алматының Алатау ауданында ArtSport бағдарламасы бойынша 15 500 бала қамтылған. Қызмет көрсетушілердің қарызын өтеу және бағдарламаны жыл соңына дейін жалғастыру үшін әкімдік қосымша 7,3 млрд теңге бөлді», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін әкімдіктің ArtSport бағдарламасы бойынша маусым мен тамыз айының соңына дейін көрсетілген қызметтер үшін жеткізушілерге 2,2 млрд теңге көлемінде қарызы бар екенін жазған болатынбыз.
Қазіргі таңда Алматыда artsport.edu.kz сайтының дерегінше, үйірмеге 83 мың бала қатысады, оның 35,5 мыңы спортпен және 47,5 мыңы шығармашылық айналысады.
ArtSport бағдарламасы бойынша бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған еді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...