Алматыдағы жаңа вокзал құрылысы: Сүрілген үйге нарықтық құн төленеді

Алматыдағы жаңа вокзал құрылысы: Сүрілген үйге нарықтық құн төленеді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесуге келген тұрғындар жаңа темір жол вокзалының құрылысына байланысты үйлер сүріле ме деп сұрады.
«Арнайы мақсаттағы жеке тұрғын үй құрылысына арналған мемлекеттік актке сәйкес жер телімдерін заңды түрде сатып алдық, бұл құжат 2014 жылдың бас жоспарына және 2019 жылдың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес келеді. Алайда, 2021 жылдың 31 желтоқсанында Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бізге үйлеріміздің сүрілетінін хабарлады. Себебін, қызыл сызықта орналасқан деп түсіндірді», - деді Мәдениет шағын ауданының тұрғыны әкімге қойған сауалында.
«Негізгі құжат - «Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспары», ол жыл соңына дейін қабылданады. Мен бұл бұрын қосылған аумақтар екенін түсінемін, ол сіз ол жерді сатып алдыңыз. Алайда қала дамуы керек. Тұрғындар біз газбен қамтамасыз ете алмайтын, технологиялық талаптарға сай келмейтін жерлерге үй тұрғызған. Мен бас жоспар бойынша ережелерді мүмкіндігінше тиімді қайта қарау туралы тапсырма бердім. Жоба дайын болған кезде біз оны көрсетеміз, бірге талқылаймыз және шешім қабылдаймыз», - деді әкім.
Әкімнің айтуынша, қала дәл осы ауданда қарқынды дамып келеді.
«Егер үйлеріңіз сүрілген жағдайда мәселені нарықтық құны бойынша өтейміз», - деді Ерболат Досаев.
Бұған дейін мегаполис басшысы Досаев Алматы-3 темір жол вокзалының құрылысы басталатынын айтқан еді. Сонымен қатар Алматыда үшінші теміржол вокзалы қай жерде салынатыны белгілі болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...