«Кез келген заңның қабылдануына әрбіріміз үлес қоса аламыз»: саясаттанушы «AMANAT» партиясы ұсынған жаңа заң жобалары туралы айтты

«Кез келген заңның қабылдануына әрбіріміз үлес қоса аламыз»: саясаттанушы «AMANAT» партиясы ұсынған жаңа заң жобалары туралы айтты

Бүгін белгілі саясаттанушы Мерует Төлебаева әлеуметтік желідегі парақшасында жаңадан бастау алған «Bappen soile» атты жоба жөнінде пікір білдірді. Онда саясаттанушы қазақ тілді аудиторияға сапалы, тәжірибеге негізделген құқықтық ақпарат беріп, осы саладағы сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаны жан-жақты талқылайды.

Бұл жобаны 10 жылдық тәжірибесі бар кәсіби заң консультанты Сағидолла Баймұрат жүргізеді. Ол қарапайым тілмен заң жобаларының талқылануына қалай үлес қосуға болатынын, мемлекеттік шешімдердің қалай қабылданатанын түсіндіреді. Бұл мәселес саясаттанушы Меруерт Төлебаеваның назарынан тыс қалмаған.

Сонымен қатар, саясаттанушы жақында «Аманат» фракциясы VII шақырылымның III сессиясында талқылауға тұратын өте қызықты заң жобаларын басталатанынан хабардар еткен. Онда «Жол қозғалысы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жария талқыға салынбақ. Сонымен қатар Меруерт Төлебаева еңбек даулары мен шиеленістерді шешу тәртібін жеңілдетуге, ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне, отбасыларға жан-жақты көмек көрсетуге, ойын бизнесіне және басқа да көптеген өзгерістер енгізетін заң жобалары талқылауға шығарылатынын атап өтті. Саясаттанушы өз жазбасының соңында азаматтарды маңызды жария заң жобаларын белсенді талқылауға шақырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...