РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ДЕРБЕС МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ

Республика деген әрине мемлекет. Бірақ негізі халық билігіне негізделген мемлекеттік басқару жүйесі. Онда халық Президентін, Үкіметін, Парламентін белгілі мерзімге сайлайды. Халық сайлайды.

Президент Қ.Тоқаев Ұлытауда осы күнді Республика күні болсын дегенде меңзегені - Жаңа әрі әділетті Қазақстанды құрудағы бір қадам деп ұқтым. Яғни Республика күні деген - демократия, құқық, зайырлылық ұстанымдарын дәріптеп, оның анықтамасын, ұстанымдық тетіктерінің тек құқықтық негізде жүзеге асуын қадағалайтын мемлекеттің мейрамы болуы керек.

25 қазан - Республика күніне Ұлттық мереке деп статус берудің өзі бекер емес. Демек, әрбір отандасымыз айтулы мерекенің маңызын жан-тәнімен ұғынып, қуанышпен қарсы алуы керек.

Досай КЕНЖЕТАЙ,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ теология факультетінің деканы, дінтанушы, философ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...