ТҮРКІСТАН: ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ПАУЭРЛИФТИНГТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Моңғолия елінің Ұлан-Батор қаласында пауэрлифтинг спортынан жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанған Арман Тойлыбай, белбеу күресінен Өзбекстан елінің Наманган қаласында өткен Әлем чемпионатының жеңімазы Қайсар Шамшидинов, Өзбекстан елінің Бұхара қаласында өткен джиу-джитсу комбат спортынан Азия чемпионы Мұса Мекенбай жерлестерінің ықыласына бөленуде. Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай спортшыларды қабылдап, жарқын жеңісімен құттықтады. Жеңімпаздарға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ Шардара аудандық мәслихатының хатшысы Арман Қарсыбаев жеңімпаздармен кездесіп, ауданның спорт саласына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарға қаржылай сыйлық табыстады.
Айта кетейік, Тәуелсіз Қазақстанның намысын жоғары деңгейде қорғап жүрген Түркістан облысының талантты спортшылары ғаламат жетістіктерге жетті. Сары құрлық елдерінің ең талантты деген спортшылары қатысқан бұл Азия чемпионтында Әлем мен Азия чемпионатының рекордын жаңартты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша...

Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте...

Региональная служба коммуникаций города Алматы организовала пресс-тур с участием акима Жетысуского района Ляззат Жылкыбаевой. Представителям средств массовой...