ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ АШЫЛАДЫ

Бүгін Астана қаласында жыл сайынғы Жаһандық инвестициялар жөніндегі қазақстандық дөңгелек үстел (Kazakhstan GlobalInvestment Roundtable, KGIR-2022) өтті. Шара аясында Түркістан облысында бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар өндірісі және ірі қара, ұсақ малға арналған құлақ тегтерін, шприцтерді және қан алуға арналған сыйымдылықтарды өндіру өндірісін бастау бойынша Түркістан облысы Инвестиция және Экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен «Пирамида Комплект» ЖШС, «CAPABLE GROUP» компаниясы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
Маңызды жиынға жетекші халықаралық компаниялар мен отандық бизнестің, инвесторлардың, беделді сарапшылар мен пікір көшбасшыларының 500-ден астам өкілдері шақырылған. Қазақстан жағынан салалық министрліктер мен квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, отандық бизнес өкілдерінің жетекшілері қатысты.
KGIR-2022 күн тәртібінде талқыланған мәселелер – әлемдік экономиканың дамуы, жаһандық және өңірлік инвесторлар үшін Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы мен мүмкіндіктері, жаңа экономикалық шынайылық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігі мен логистика.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...