ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде Кеңес Одағының батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған және даңқты қолбасшының туғанына 120 жыл толуына орай еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXVI халықаралық жарыс басталды. Күрес додасына көршілес Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен қатар Қазақстан Республикасының барлық облыстары және қалаларынан балуандар қатысуда.
Еркін күрестен жастар арасындағы халықаралық жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жарысқа қатысушы балуандарды және қонақтарды құттықтап, сәттілік тіледі.
Олимпиада ойындарының көркін қыздыратын күрес түрлері бүгінде әлемде қарқынды дамуда. Осы орайда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл халықаралық дода жастардың шеберліктерін арттыруға үлкен серпін береді.
Тартысқа толы бәсекеде ұлдар 11 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтаса, қыздар 10 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды. Сайысқа жалпы 337 спортшы қатысуда. Халықаралық күрес бәсекесі 3 күн жалғасады.
Жарысты Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...