ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ЖЕҢІМПАЗЫ ТҰЛПАРҒА ИЕ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ЖЫЛЫНА ОРАЙ ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ЖЕҢІМПАЗЫ ТҰЛПАРҒА ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Түркістандағы Оқушылар сарайында «Балалар жылына» және 25 қазан – Республика күніне орай «Жас тұлпарлар жырлайды» атты республикалық оқушылар айтысы өтті. «Оқушылар сарайы» мен «Балалар мен жасөсіпірімдер орталығының» ұйымдастыруымен өткізілген айтысқа Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысының және Шымкент қаласының жас айтыскерлері қатысты.
Аламан айтысқа Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы, Сауран аудан әкімдігі және «Қуаныш» сауда орталығы демеушілік жасап, қолдау көрсетті.
Төрт сағатқа созылған айтыстың қорытындысы бойынша, республикалық айтыстың бас жүлдесін түркістандық Шахмардан Бекарысұлы еншіледі. Бірінші орынға шымкенттік Аллажар Бекмұратұлы ие болды. Аламан додада суырылып шыққан қос жас ақынға бір-бір тұлпардан берілді. Екінші орынды Болат Тәңірберді (Алматы қаласы) және Құлахмет Елсияр (Шымкент қаласы) өзара бөлісті. Ал үшінші орынды Төленбек Дінмұхаммед (Бәйдібек ауданы), Болат Мейіржан (Түркістан қаласы), Абдрайм Бағдат (Шымкент қаласы), Жүнісбек Айсұлу (Жамбыл облысы) және Бектай Ұлықбек еншіледі.
Барлық айтыскер ақындарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...