ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін жеке қабылдауда 16-дан аса тұрғынды қабылдадық. Кезекті қабылдауда аудан тұрғындары атаулы әлеуметтік көмек (АӘК), ауланы абаттандыру, көше бойына жасанды жол кедергісін орнату, ауладағы қоқысты шығаруға қатысты мәселелерін жеткізді.
Әрбір тұрғынның мәселесімен жіті танысып, заң аясында шешімін табатынын түсіндірдім. Жауапты орынбасарларыма тапсырма беріп, орындалуының қатаң бақылауда болатынын ескерттім.
Мамандар тұрғындардың жалпы өтініштерін мұқият тыңдап, баспанаға қатысты туындаған барлық мәселелер заң талаптары аясында шешілетінін атап өтті.
2022 жылы кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қарастырылған болатын. Қазіргі таңда тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялау бойынша Шымкент қаласында 1000-нан аса кезектегі азаматтардың өтінімі мақұлданданды.
Отбасы банкінде «2-10-20 Бақытты отбасы» арқылы тұрмысы төмен отбасыларға - жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған.
Шымкент қаласында 2022 жыл үшін «Нұрлы жер» бағдарламасының «2-10-20 Бақытты отбасы» бағыты шеңберінде 449 отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге 4,4 млрд. теңге көлемінде лимит бөлініп отыр.
Бұл бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген көп балалы отбасылар, толық емес, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады, деп хабарлайды Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.
Өткен 2021 жылы «Бақытты отбасы» бағыты арқылы бөлінген лимитке сәйкес 363 отбасы несиелік баспанамен қамтылды. Оның ішінде көпбалалы –173, толық емес –30, мүгедек бала асыраушы –160 отбасы бар.
Сонымен қатар, тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіп бастауға қолдау көрсету, мал шаруашылығы үшін субсидия, жерді мемлекет иелігіне қайтару, тегін дәрі-дәрмекпен қамту мәселелерін де жеткізді.
Өңірлік тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет есебінен жалпы 7,7 млрд. теңге қаралып, кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы 5,7 млрд. теңгеге айналымға қарыз қаражат беріліп, келісім-шарттар түзілген. Жыл соңына дейін қаладағы ірі азық-түлік желілері 115-ке дейін, әлеуметтік дүкендер саны 20-ға дейін және жылжымалы нүктелер саны 10-ға дейін жеткізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешені тиімділігін арттыру, экспорттық әлеуетті кеңейту және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жөніндегі...

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...