19 АНАҒА «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

19 АНАҒА «АЛТЫН» ЖӘНЕ «КҮМІС» АЛҚАЛАР ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Әл-Фараби ауданында 5 ана – «Алтын алқа», 14 ана – «Күміс алқа» иегері атанды. Көпбалалы аналарға төсбелгілерді аудан әкімі Рашид Мыңбаев табыстады. Рашид Мамытұлы еліміздің демографиялық саясатына елеулі үлес қосып жатқан алтын құрсақты аналарға ерліктері үшін алғысын білдірді.
Жалпы Әл-Фараби ауданында жыл басынан 117 ана марапатталып, оның 27-і «Алтын алқа», 90-ы «Күміс алқа» иегері.
Еске салар болсақ «6-шілде Астана күні» мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 20-маусымдағы №934 Жарлығымен наградталған Еңбекші ауданының 5 анаға «Алтын алқа», 14 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталған еді.
Жалпы Әл-Фараби ауданынан бөлек Еңбекші ауданында 8364 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» - 568, «Күміс алқа» - 1697.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін 21-жылы жеңілдеткен болатын.
«Кем дегенде бір баланы өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу – әрбір ата-ананың алдында тұрған күрделі міндет. Көпбалалы аналардың еңбегін атап өту және лайықты бағалау үшін мемлекет оларды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтайды және алқа иелері тиісті мемлекеттік жәрдемақы алады. Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында Еңбекмині 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.
Жеңілдетілген тәртіп мемлекеттік жәрдемақыны проактивті форматта тағайындауды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өсті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...