ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 24 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР САЛЫНУДА

Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелер тізімі анықталды.
Бүгінгі таңда 19 жоба бойынша 24 көшеге жалпы ұзындығы 11,7 км ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Әл-Фараби ауданы аумағында ирригация жүйесінің жалпы ұзындығы 103 шақырымды құрайды. Басты көшелердің бойындағы ирригациялық арықтар мен жол жиектерін тазалау жұмыстарына «Build stroi» ЖШС-ы тарапынан 10 арнайы техника мен 180 адам жұмылдырылған. Аталған жұмыстар күнделікті кестеге сәйкес жүргізіліп, аудан әкімдігінің ұдайы назарында.
Жалпы аудан аумағында орталық кәріз жүйесімен қамтылған елді мекендер саны – 5. Ауыз сумен қамтамасыз етілген елді мекендер саны – 20. Табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны- 18. Су алу қаупі бар орындарға және 378 көшеге ирригациялық арық орнатылған. Алдағы уақытта аудандағы мәселер толық шешімін табады.
1. Сәуле ш.а Зерде көшесі
2. Сәуле ш.а Көксай-2 көшесі
3. Сәуле ш.а Ақмешіт көшесі
4. Сәуле ш.а Бөген көшесі
5. Сәуле ш.а Жеңістің 50 жылдығы көшесі
6. Сәуле ш.а Жаңабазар көшесі
7. Сәуле ш.а Тұмарлы көшесі
8. Бадам ш.а Таусамалы көшесі
9. Бадам ш.а Қажымұқан көшесі
10. Бадам ш.а Қарабастау көшесі
11. Бадам ш.а (Тобыл көшесі, Балдаурен көшесі, Айкөл көшесі)
12. Бадам ш.а Макаренко көшесі
13. Бадам ш.а(Забадамский көшесі, Абат көшесі)
14. Бадам ш.а Саттарханов және Ашурходжаев көшелерінің қиылысы
15. Ескі қалашық (Шымкентский көшесі, Хаят көшесі, Амангелды көшесі)
16. Көк сай-1 Анарова көшесі
17. Шәймерденов көшесі мен С.Азимов көшелерінің қиылысына
18. Тәшенов көшесі мен Шолохов көшелерінің қиылысына
19. Республика даңғылы 19б үй аумағынан Қошқар ата өзеніне дейін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...