Алматы әкімі Ерболат Досаев Уршула Гацекпен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев Уршула Гацекпен кездесті

Алматы әкімі Ерболат Досаев ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жөніндегі халықаралық миссиясының басшысы Уршула Гацекпен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ ұзақ мерзімді бақылаушылар – Франциядан келген Мольер Сильван мен Черногориядан келген Майя Бьелич қатысты.  

Қала әкімі Ерболат Досаев ЕҚЫҰ тарапынан көрсетілген консультативтік қолдауға алғысын білдірді және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық барысы туралы хабардар етті.     

Бүгінде Алматыда 600 сайлау учаскесі ұйымдастырылды, сайлаушылар тізімі қалыптастырылды, ақпараттандыру арналары іске қосылды, олар: бірыңғай нөмірі «1315» call-орталығы, әкімдіктің Open Almaty қоғамдық қабылдау сайтындағы сервис және Telegram Bot (@almaty_sailau2022_bot).       

Өз кезегінде Уршула Гацек миссияның жұмыс сапарлары туралы ақпаратпен бөлісті. Бүгінде бақылаушылар мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесулер өткізуде. Сайлау күні миссия мүшелері сайлау учаскелерінің ашылуын, дауыс беруді, бюллетеньдерді санауды және қорытындыларды бақылайды.  

ЕҚЫҰ өкілдерінің ақпараты бойынша, Қазақстандағы миссия негізгі командадан тұрады, оның құрамына Астанада орналасқан 11 халықаралық сарапшы және бүкіл ел бойынша 30 ұзақ мерзімді бақылаушы енген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...