ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті «Жанұя» балалар үйіне қамқорлық көрсетті

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті «Жанұя» балалар үйіне қамқорлық көрсетті

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚКД) Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері "Жанұя" балалар үйіне тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырады.

Осылайша, жақын күндері анимациялық фильм көру үшін балалар үйінің 30 тәрбиеленушісіне кинотеатрға арнайы саяхат ұйымдастырылды. Одан кейін балаларға түскі ас пен тәттілер беріліп, ойыншықтар мен қажетті маусымдық киімдер табыс етілді.

"Біз барлық қызметкерлерге, еріктілерге және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына алғыс айтамыз. Мұндай қолдау мен түсіністік әрбір тәрбиеленушіміз үшін өте қажет. Балаларымыз үшін жасалған мереке үшін өте қуаныштымыз, әрі ризашылығымызды білдіреміз", - деді балалар үйінің басшылығы.

"Жанұя" кешенінің негізі 1999 жылы 350 тәрбиеленушіге арналып қаланған. Бұл жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балабақша мен түзету мектебін қамтитын арнайы балалар үйі. Мұнда оқыту мен тәрбиелеу жүйесі арнайы түзету бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Балаларды тәрбиелеуде тәжірибелі педагогтар мен психологтар көмектеседі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...