ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Шымкентте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың тапсырмасымен «Медициналық ақпараттандыру орталығы» (call center) ашылды.
Орталық нөмірі 8(7252)-41-75-03.
Енді қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын, сұрақтарын, арыз-шағымдарын телефонға қоңырау шалу арқылы жеткізе алады.
Білікті мамандармен толыққан орталық тәулік бойы пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы кері байланысты ұйымдастырады. Мақсат– денсаулық сақтау саласы мен денсаулық сақтау мекемелері қызметін тұрғындар игілігі үшін барынша оңтайландыру.
Орталықта медициналық ұйымдардың тоқсан сайынғы рейтингтері қадағаланатын болады. Оның көмегімен әрбір медициналық мекемелер мен ұйымдардың олқылықтарын түзете отырып, халыққа дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілмек.
Еске салар болсақ, 29 қазан - Дүниежүзілік инсультпен күрес күні. Осыған орай 22 қазан күні №2 қалалық ауруханасына қарасты емханада дәрігерлер «Ашық есік күнін» өткізіп, денсаулығы сыр беріп жүрген тұрғындарды қабылдады.
Оларға кардиолог, невропатолог, нейрохирург, ЖТД, психолог және кардиоревмотолог бөлімінің дәрігерлері қызмет көрсетіп, кеңес берді.
Нейрохирургке –19, кардиологқа –47, психологқа –18, невропатологқа –48, ЖТД дәрігерлеріне – 23, кардиоревматологқа – 30 тұрғын келіп қаралған. Жалпы шара барысында 106 азаматқа медициналық көмек берілді.
Ақ халаттылар кеңес берумен ғана шектелген жоқ. Тұрғындардың денсаулығын тексеріп, сырқаудың нақты анықтамаларын айтып, ақпарат берді.
Сақтандырылған азамат медициналық қызметті керегінше пайдалана алады. Мәселен, өз бетінше сақтандырылатын азаматтар бір жылда 36 мың теңге төлейді. Бірақ көрсетілетін қызмет саны мен көлемі бұл қаражатпен шектелмейді.
Шымкент қаласы бойынша халық саны 1 127 604, онын ішінде сақтандырлғандар 899 837 (79,8%), сақтандырылмаған азаматтар 227 767 (20,2%), оның ішінде жұмысшылар 43 043 (үзілді-кесілді төлеушілер), азаматтық құқықтық келісім шарт бойынша жұмыс жасаған тұлғалар 6 481, жеке кәсіпкерлер тіркелгендер 5 974, бірыңғай жиынтық төлемдерін жүргізген (әрі-қарай БЖТ) 2 925, дербес төлеуші болған 5 193, басқалар 263, соңғы 12 айда МӘМС-ға төлемдер түспеген тұлғалар 163 886.
Сонымен қатар халық саны 9 айыдың ішінде 1 111 620-нан 1 127 604-ке көбейген.
Қазір МӘМС қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қолжетімді болған медициналық қызметтерді ала алады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...