ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шымкент қаласының әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл құптарлық қадам деп санаймын. Себебі, «Тал бір жерде көгереді» дегендей, қандай да ауқымды істі атқарғанда, елді, белгілі бір аумақты басқарғанда тұрақтылық қажет-ақ. Себебі, ойға алған жоспарларды соңына дейін жеткіуге мүмкіндік болады.

Ал Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі лауазымын 2020 жылдың 21 қаңтарынан бері табысты атқарып келеді. Ол басшылық еткен кезеңде Шымкент қаласының жалпы дамуы алға басып, қала бюджеті бірнеше есе өсті. Экономикалық жағымен қоса қаладағы әлеуметтік салаға да баса назар аударылып келеді.

Оның ішінде өзім басқаратын үкіметтік емес ұйымдар туралы айтсам, Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың жұмысында елеулі ілгерулеушілік бар екенін айтпай кетуге болмайды. Қала әкімінің қолдауымен шымкенттік үкіметтік емес ұйымдар, жалпы, азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын Шымкент қаласының азаматтық ресурстық орталығы арнайы ашылып, сәтті жұмыс істеп келеді. Ол елдегі, қаламыздағы азаматтық қоғамның дамуы үшін тер төгіп жүрген белсенді азаматтардың, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүддесін қорғаушылардың, жалпы Азаматтық Альянс мүшелерінің бас қосатын басты алаңына айналып отыр.

Осы жылдар ішінде Азаматтық Альянс Шымкент қаласының әкімдігімен, Мұрат Дүйсенбекұлы басқаратын жергілікті атқарушы орган өкілдерімен тығыз байланысты жұмыс істеп келеміз. Және бұл байланыс алдағы уақытта да жалғасады деп сенеміз. Себебі, барлығымыздың көздегеніміз бір – ол туған қаламыздың дамуы мен өркендеуі.

Жұмағали Білісбеков,
Шымкент қалалық Азаматтық Альянстың төрағасы

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...