Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді

Байқоңырдан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді

5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:12 шамасында Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы көкке көтерілді, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Зымыранға «Электро-Л» № 4  ғарыш кемесі бекітілген.

«Электро-Л» сериялы ғарыш аппараттары ғалымдарға ауа райын болжауға, авиация саласындағы ұшу жағдайларын талдауға, теңіздер, мұхиттар акваторияларының жай-күйін бақылауға, сондай-ақ қауіпті аудандардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға көмектеседі. 2011 жылдан бастап Жер орбитасында «Электро» жүйесі жұмыс істейді, бұл бағытта «Электро-Л» № 2 және «Электро-Л» № 3» сынды мақсатты жерсеріктері қолданыста екенін жеткіземіз», - делінген Роскосмос хабарламасында.

Зымыранды ұшыру сәтін Роскосмостың ресми YouTube арнасынан тамашалауға болады, ол шамамен 10 минут уақытты алды. 

Зымыран сағатына 24 мың шақырым жылдамдықпен заулайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...