Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны айтылды

Алматыда кинотеатрлар қандай жағдайда ашылатыны айтылды

Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин көрермендерді 30 пайыз сыйымдылықпен кинотеатрларға кіргізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Театрлар мен кинотеатрлар қазір онлайн-режимде жұмыс істеп жатыр. Енді біз әр театрға театр әкімшілігі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні туралы нұсқауларды қарастырып жатырмыз. Бұл қашықтық, маска мәселелеріне қатысты. Әрине, ғимараттарда адам саны шамадан тыс болмауы керек. Егер бұл шаралар сақталса, санитайзерлер, қашықтықтан істейтін термометрия орнатылса, бұл объектілер жұмыс істейді.

Қазір көрермендердің 30 пайызын кинозалға кіргізу мәселесі қарастырылып жатыр. Залдың конфигурациясына байланысты. Ол не шахмат түрінде, не қатарлар немесе көрші орындықтар арасында бір метр қашықтық болады. Осындай ұсыныстар түсіп жатыр. Әр зал өзінің нұсқасын ұсынады. Егер шаралар сақталса, онда 30 пайызға көрерменге жол беріледі", - деді Бекшин.

https://kaz.tengrinews.kz/cinema/almatyida-kinoteatrlar-kanday-jagdayda-ashyilatyinyi-312554/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Жұмыс тобы тең...

Түркістан қаласында экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерін арттыру және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері кезекті...

Су ресурстары және ирригация министрлігі Түркістан облысындағы Қызылқұм магистральдық каналын реконструкциялау жұмыстарын қайта бастады. Жобаны іске асыру...

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Еуропалық комиссия мен Молдова Республикасының Үкіметі бірлесіп...