Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң аясында, жоспарға сәйкес жалғасуда. Бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желі арқылы  ҚР Парламент Мәжілісі және мәслихаттарының  кандидаттары күнделікті үгіт-насихат шараларын өткізіп жатыр. Сонымен қатар, баспа, дыбыс-бейне және басқа да үгіт материалдарын шығару, тарату жұмыстары қарқынды іске асырылуда.

Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Север» сауда орталығында ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Әлия Юсупова, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жанар Бектаева, Альбина Елшиева, Абдуали Тасмурзаев, Алмасходжа Қайыпов және «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова қала тұрғындары мен қонақтарына жетекші партияның сайлауалды бағдарламасы туралы мәлімет ұсынып, үнпарақтар таратты.

-Шымкент жергілікті тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз әрі жайлы қала болуы тиіс. «AMANAT» партиясы көшелерді жарықтандыруға, бүкіл қаланы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Шалғайда орналасқан елдімекендердің орталық көшелері мен әлеуметтік нысандарына баратын жолдары жарықтандыруды қажет етеді. Бүгінгі таңда қалада 747 көше бар. Оның ішінде 532 көше немесе 57 пайызы жарықтандырылған. Сонымен қатар, күні бүгінге дейін көшбасшы партияның ұйытқысымен 42,3 мың азамат тұрақты жұмысқа орналастырылса алдағы уақытты бұл көрсеткішті 80 мыңға жеткізуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ, 900 жұмысшы жас жаңа пәтерге ие болса, алдағы жылдары 2 700 жұмысшы жас баспанамен қамтылуы тиіс, - деді өз сөзінде Жанар Әлібекқызы.

Кездесу соңында үміткерлер қала тұрғындарын наурыз айында өтетін сайлауда халықтың аманатын арқалаған «AMANAT» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

 

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын...

В Палате предпринимателей города Шымкент состоялось заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции, посвященное...

Түркістан облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жүзеге асыратын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен...

В Туркестанской области начинается выездные встречи с субъектами малого и среднего бизнеса в рамках проекта «Мобильный фронт-офис», реализуемого...