«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

«БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының фронт-офисінде сайлауалды үгіт-насихат науқатының аясында кезекті кездесу өтті. Жиынға партияның қалалық филиалының Атқарушысы хатшысының орынбасары Бекайдар Төлегенов төрағалық етті. Онда «Бақытты отбасы» партиялық жобасының Шымкент қаласында жүзеге асырылу барысы мен жобаның шымкенттіктерге қандай мүмкіндіктер ұсынатыны талқыға салынды.

"AMANAT" партиясы көп балалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі, ерекше қажеттіліктері және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік тұрғыда қолдау және олардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыруды тоқтатпайды. Мәселен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға жүйелі қолдау көрсетуге бағытталған.

Шымкент қаласында осы жоба аясында жыл сайын көп балалы, жалғызбасты және аз қамтылған 500 отбасыға қолдау көрсетіледі. Жоба аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды іс-шараның бірі – инклюзивті білім беруді дамыту. Алдағы бес жылдықта қаладағы барлық мектептерде осы мақсатта ресурстық кабинеттер ашылады.

Сонымен қатар, партия Шымкент қаласында 2023-2027 жылдары аралығында «Бақытты жанұя» атты 5 орталық ашылуына ықпал жасайды. Үкіметтің алдына аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған бөлек жәрдемақы белгілеу міндетін қояды.

Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...