Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру өкіміне қол қойды

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру өкіміне қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.  

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды ...

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жасыл даму» АҚ қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға арналған 34...