Алмалы ауданында жаңа мектеп салынады

Алмалы ауданында жаңа мектеп салынады

Былтыр 2 мектептің 850 орындық 2 қосымша ғимараты салынды. Қабанбай батыр көшесінде 850 орындық жеке мектеп ашылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.
«Жайлы мектеп» жобасы аясында биыл Райымбек даңғылы мен Әуезов көшесі қиылысындағы аумақта 1,5 мың орындық жаңа мектептің құрылысын басталды. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі.
Ауданның екі мектебіне әрқайсысы 300 орындық қосымша құрылыс салу жобасы әзірленіп жатыр. Шілде айында № 15 гимназияны сейсмикалық күшейтіп, күрделі жөндеу аяқталады және тамыз айына дейін № 136 мектеп-гимназияны күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейтуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.
290 орындық 5 жеке меншік балабақша ашылып, № 7 балабақшаны сейсмикалық күшейту аяқталды.
Мәуленов көшесі, 57 мекенжайдағы қайтарылған бұрынғы балабақша ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, сейсмикалық күшейтуге арналған ЖСҚ мамыр айында сараптамадан шығады, 2023 жылдың күзінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...