Елімізде SMS арқылы 200-ге жуық азамат жұмысқа орналасты

Елімізде SMS арқылы 200-ге жуық азамат жұмысқа орналасты

Министрлік 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңнан астам қазақстандыққа SMS жолдады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы қолдау шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламаларды алғаннан кейін 5 мыңға жуық қазақстандық Enbek.kz сайтына кіріп, бірнеше жүз адам сall-орталыққа қоңырау шалған.
Қазірдің өзінде 173 адам жұмысқа орналастырылды: 50 – тұрақты жұмыс орындарына, 123 – уақытша жұмыс орындарына орналасып, 73-і кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды бастады.
SMS-хабарлама алғаннан кейін белсенділік танытпаған азаматтармен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері қосымша байланысып, жұмысқа орналастыру, оқыту, т.б. бойынша қажетті қызметтерді алуды ұсынуда.
«Жалпы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары туралы ақпаратты Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады», - деп хабарлады ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.
Бұған дейін хабарланғандай, осы жылдың 13 ақпанында министрлік 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңнан астам қазақстандыққа жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар жолдады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласындағы Қазақстан-Қытай...

Глава государства Касым-Жомарт Токаев ранее дал поручения по улучшению инфраструктуры в регионах и открытию производственных объектов. В этом...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде инфрақұрылымды жақсарту, өндіріс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта...

Астанада өткен ИКАО-ның 2026 жылғы Авиациялық қауіпсіздік апталығы аясында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы АҚШ Көлік қауіпсіздігі...