Қытайда COVID-19 вакцинасының мұрын спрейі түріндегі клиникалық сынақтары мақұлданды

Қытайда COVID-19 вакцинасының мұрын спрейі түріндегі клиникалық сынақтары мақұлданды

Сянган университеті коронавирусқа қарсы вакцинаны мұрын спрей түрінде клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат алғанын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Синьхуаға сілтеме жасай отырып.

Вакцинаны Сянган университетінің микробиология факультеті жанындағы Жаңа жұқпалы аурулардың мемлекеттік негізгі зертханасы Сямэнь университетімен және Пекин фармацевтикалық компаниясы Beijing Wantai Biological Pharmacy бірлесіп жасаған.

«Бұл COVID-19-ға қарсы мұрын спрей түріндегі алғашқы вакцина, ҚХР Мемлекеттік дәрі-дәрмектерді бақылау басқармасы адамдарға клиникалық зерттеулер жүргізу үшін мақұлдады»,- делінген хабарламада.

Сянган университетінің мәлімдемесінде бұл вакцинаны зерттеу бағдарламасы ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің одан әрі бағалауы үшін вакцинацияның бес технологиясының ішінде таңдалғаны айтылған.

https://azattyq-ruhy.kz/news/12998-kytaida-covid-19-vaktsinasynyn-muryn-spreii-turindegi-klinikalyk-synaktary-maku-ldandy

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

– Теңіздегі су көлемінің 18,9-дан 23,5 текше шақырымға дейін ұлғаюы Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...

Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің...