Шетелде жүрген қазақстандықтар 6 айда елімізге 153 млрд теңгеден астам қаржы аударған

Шетелде жүрген қазақстандықтар 6 айда елімізге 153 млрд теңгеден астам қаржы аударған

Халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы биыл 6 айда елімізге 153,3 млрд теңге кіріс кірген, деп жазады Ranking.kz.

Айта кету керек, соңғы 4 жыл бойы шетелден аударылған ақша көлемі үздіксіз өсіп отырған болатын. Алайда, биыл бұл көрсеткіш бірден 24,5 пайызға азайды.

Қаражаттың ең көбі Ресей Федерациясынан жіберіліпті – 43,6 млрд теңге. Десе де, былтырғымен салыстырғанда биыл аударылған ақша көлемі екі есеге азайған (86,6 млрд теңге).

Екінші орында Оңтүстік Корея тұр – 30,3 млрд теңге. Бұл елден келетін қаржы көлемі де былтырғымен салыстырғанда 19,7%-ға төмен. Ал Қырғызстаннан аударылған ақша көлемі биыл айтарлықтай өсіп (13,9%), 18 млрд теңгені құрады.

http://ranking.kz/ru/a/reviews/denezhnye-perevody-poluchennye-iz-za-rubezha-s-pomoshyu-sdp-yanvariyul-2020

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің Жұмыс тобы тең...

Түркістан қаласында экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет кірістерін арттыру және инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелері кезекті...