БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ – БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ – БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен IT мамандары Асанұлы Самат пен Азімхан Санат «Болашаққа қадам» жобасы аясында, Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушылары арасында «IT саласының қазіргі қоғамдағы рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
Жобаның мақсаты - жалпы білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру.
IT мамандары кездесу кезеңінде, оқушыларға мамандық таңдауда қателеспеуге шақырып, сала туралы бірқатар ақпараттарды жеткізді. Сондай-ақ олар технологиялық бағыттағы бірқатар мамандықтарға тоқталып, өз тәжірибелерімен де бөлісті.
-Қазір техникалық салалар күн сайын дамып, қоғамда үлкен сұранысқа ие болуда. Тіпті кейбір жұмыс орындары IT саласының білікті мамандарын қажет етеді. Сіздер де алдағы уақытта үлкен жұмыс орындарында білікті маман атанғыларыңыз келсе, мамандық таңдауда дұрыс бағыт ұстаныңыздар, - деді Азімхан Санат.
Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында «техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне бағдарлану және елдің жаңа экономикалық бағытының міндеттеріне сәйкес келу қажет»деп атап көрсетілген.
«Болашаққа қадам» жобасы мектеп түлектерін кәсіби бағдарлау үшін ашық алаңға айналды, олар қазіргі жағдайда сұранысқа ие болатын мамандықты алуға қатысты аға буынның пікірін тыңдайтын болады.
Жалпы ақпарат технологиясы(IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...