БӘЙДІБЕК: КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.
Мәжілісте 2023 жылы 3 айдың қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мейрамкүл Тұрымбекова хабарлама жасады. Ержігіт Шәріпбеков 3 айдың қорытындысымен негізгі индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы мен қаржының игерілу бойынша жоспарлы жұмыстарды орындамаған тиісті бөлімдер мен ауылдық округі әкімдеріне қатаң ескерту жасап, белсенді жұмыс істеуді тапсырды.
Сонымен қатар 2023 жылдың І тоқсан қорытындысы бойынша әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржан Сабировтің, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2023 жылы І тоқсанда атқарған жұмыстары мен алда атқарылатын міндеттері туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марат Енжановтің есепті баяндамалары тыңдалды. Мәжілісте бөлім басшысы коммуналдық саладағы елді мекендерді газдандыру, ауыз су және жолдарды асфальттау бойынша атқарылып жатқан және атқарылатын жоспарлы жұмыстарға тоқталды.
Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбекұлы газдандыру, ауыз су, асфальт төсеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатаң бақылау жүргізіп, сапасына мән беріп, мерзімінде аяқталуына қадағалау жүргізуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік комиссиясы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының жағдайын жергілікті жерде бағалау үшін «Алтын...

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...