БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БҮГІН ТӨРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ӨТТІ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ БҮГІН ТӨРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ӨТТІ

Аудан прокуратруасының ұйымдастырумен Бәйдібек ауданының прокуроры Н.Ешенқұлов және аудан прокурорының орынбасары Ғ.Тұрманов бүгін Борлысай, Жарықбас, Көктерек және Шаян ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Әжібеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, дербес бөлім, мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың көкейінде жүрген өзекті мәселелер: жайылым жер, ауыз су, интернет жүйесі, электр жарығы бойынша сұрақтарына жауаптар беріліп, құқықбұзушылық және кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылық профилактикасы, суицид, ерте жүктілік, жол көлік оқиғалары, мал ұрлығы, алаяқтық, оның ішінде интернет алаяқтық қылмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу қорытындысымен бірқатар мәселелер назарға алынып, оңды шешімін табу мақсатында хаттамаға енгізілді.
Тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты мекемелерге аудан прокуроры тарапынан тапсырмалар берілді.
Кездесу бекітілген кестеге сәйкес жалғасатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмір генерациясын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР...

«Сайран Арена» спорт кешенінде Қорғаныс министрлігінің, Бас штабтың және Қарулы күштердің құрылымдық бөлімшелері арасында өткен шағын футбол...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты...