БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ПРОКУРОРЫ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастырумен аудан прокуроры Нұрлан Ешенқұлов бекітілген кестеге сәйкес бүгін Боралдай, Ақбастау, Бөген және Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу жиынына Бәйдібек аудандық сотының төрағасы М.Сарсенов, аудандық полиция бөлімінің басшысы Н.Әжібеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Қырғызалиев, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Е.Пернеев, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және ауылдық округі әкімдері қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар көкейінде жүрген өзекті мәселелерді ортаға салып, сұрақтары бойынша жауаптар берілді.
Бірқатар мәселелер назарға алынып, оңды шешімін табу мақсатында хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстарды жүргізу үшін жауапты мекемелерге аудан прокуроры тарапынан тапсырмалар берілді.
Кездесу бекітілген кестеге сәйкес 7 ауылдық округте жалғасын табатын болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Житель г.Шымкент организовал и координировал работу подпольного интернет-казино, функционировавшего через мобильное приложение. Для реализации...

Шымкент қаласының тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казиноны ұйымдастырып, оның жұмысын үйлестірген. Қылмыстық схеманы іске асыру...